07.10.2026

«Қызылжар U21» маңызды жеңіске жетті 👊🏻

«Қызылжар U21» маңызды жеңіске жетті 👊🏻

Бүгін «Қарасай» стадионында «Қызылжар U21» Екінші лиганың 24 туры аясында «Ертіс U21» командасын қабылдады.

Біздің бастапқы құрам - Вадим Петров, Александр Лебедев, Мирас Темирбаев, Райымбек Сейсебаев, Кошали Измуллаев, Алихан Серікбай, Жантөре Молдабаев (с), Сәкен Ибадулла, Архат Ақантай, Роман Гамазин, Темірлан Жиеналиев. Ойын есебін біздің команда ашты, Темірлан Жиеналиевтің керемет пасынан кейін Роман Гамазин қарсылас қақпашысынан айласын асырды. Павлодарлық команда 41-ші минутта есепті теңестірді. 66-шы минутта Сәкен Ибадулла паспен Темірлан Жиеналиевті тапты, Темірлан команданы тағы алға шығарды. Алайда 75-ші минутта қарсылас қайтадан есепті теңестірді. Ал 90+1 минутта Алихан Серікбай командамызға жеңіс сыйлады. 

Келесі ойынды жігіттеріміз Көкшетау қаласында 14-ші қазан күні өткізеді. Қарсыласымыз - «Оқжетпес U21».

Поделиться: