Маусымның қорытынды матчы: «Qyzyljar U18» өз алаңында ұтылды
20 қыркүйек, жексенбі күні сағат 12:00-де «Жастар» стадионында жасөспірімдер командамыз Freedom QJ League B турнирінің 18-туры аясында маусымның қорытынды матчын өткізді. Өкінішке қарай, бұл кездесуде қонақтар басым түсіп, ойын 0:3 есебімен аяқталды.
Жігіттеріміз өз жанкүйерлерінің алдында өтетін маусымның соңғы ойынында жеңіске жетуге барын салды. Алаңда үлкен құлшыныс пен жеңіске деген талпыныс байқалғанымен, бұл жолы қарсылас мықтырақ болып шықты. Дегенмен, бұл жеңіліс жігіттер үшін үлкен сабақ әрі келесі маусымға дайындықты күшейте түсуге жақсы түрткі болмақ.
Маусымды қорытындылай келе, «Кызылжар» футбол клубы Freedom QJ League ұйымдастырушыларына осындай керемет жоба мен жоғары деңгейдегі маусым үшін шын жүректен алғыс білдіреді! Бұл лига жас таланттардың шыңдалуына, үлкен футболға қадам басуына таптырмас мүмкіндік беруде.