11.10.2026

Солтүстік дербидегі маңызды жеңіс!

Солтүстік дербидегі маңызды жеңіс!

Қазақстан Премьер-лигасының 28-туры аясында біздің команда Павлодарда жергілікті «Ертіске» қарсы Орталық стадионда ойнады.
Командамыздың негізгі құрамы: Дмитрий Челядник, Артем Черединов, Александр Нойок, Слободан Урошевич, Неделько Пищевич, Никита Губарев, Евгений Макаренко (К), Айбол Әбікен, Лиридон Латифи, Стефан Баокен, Йоаннес Бьорталид.
Алғашқы минуттардан-ақ командамыз алға ұмтылды, алайда бірнеше тамаша мүмкіндікті жүзеге асыра алмадық. Дегенмен, ойынның 9-минутында Айбол Әбікен жойқын соққымен көзге түсіп, командамыздың сапындағы өзінің алғашқы голын соқты. Одан кейін бізде де, қарсыласта да қауіпті сәттер болды, бірақ үзіліске 0:1 есебімен, біздің команданың басымдығымен кеттік.
Екінші таймда қос команда да ашық әрі тартысты ойын көрсетті. Біздің жігіттер екінші голды соғып, ойын тағдырын шешуге тырысса, қарсылас тарап есепті теңестіруге ұмтылды. Шабуылдардың бірінде Стефан Баокен он бір метрлік айып соққысын ұтып алды. Нүктеден Лиридон Латифи мүлт кетпей, ойынның қорытынды есебін орнатты — 0:2.
Маңызды жеңіс және қоржынға түскен бағалы үш ұпай!
Келесі ойынды қонақта, Көкшетау қаласында жергілікті «Оқжетпеске» қарсы өткіземіз.

Поделиться: