22.03.2026
«Қызылжар» өз алаңында тең ойын өткізді
20 наурыз күні Петропавлда өткен матчта «Қызылжар» командасы «Ертіске» қарсы ойнап, 2:2 есебімен тең түсті. Кездесуде «Қызылжар» сапынан голдарды Мулдинов пен Бугре соқты. Команда екі рет алға шыққанымен, қарсылас есепті қайта-қайта теңестіріп отырды. Матчтың соңғы бөлігінде төреші даулы пенальти белгілеп, сол мүмкіндікті пайдаланған «Ертіс» есепті теңестіріп кетті. Бұл сәт ойын тағдырына тікелей әсер етті. Ойын тартысты өтіп, екі команда да қызыл қағаз алды.
Келесі ойынын «Қызылжар» 5 сәуір күні Қызылорда қаласында «Қайсарға» қарсы өткізеді.