20.08.2026
Qyzyljar Community «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қолдау көрсетті!
Жаңа оқу жылы қарсаңында қаламыздың аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларға барлық қажетті оқу құралдары мен мектеп сөмкелері табысталды. Балаларға сыйлықтарды табыстап, қуаныш сыйлау үшін клубтың спорт директоры Надирбаев Дінмұхаммед Нұрғалиұлы мен негізгі құрамның футболшылары арнайы келді.
Біздің клуб үшін әлеуметтік мәселелерді көтеріп, оларды футболдың құдіретімен шешуге үлес қосу өте маңызды.
Бұл игі іс «Помощь рядом» еріктілер қозғалысымен бірлесіп жүзеге асырылды.