07.01.2026
Дамьян Краишник - «Қызылжар» футбол клубының жаңа ойыншысы.
«Қызылжар» футбол клубы сербиялық жартылай қорғаушы Дамьян Краишникпен «1+1» жүйесімен келісімшартқа қол қойды.
Келісімшарт «1+1» жүйесімен жасалды — бір жылдық келісім және тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
Дамьян - «Партизан» футбол клубының түлегі.
Алаңда тірек жартылай қорғаушы позициясында ойнайды. Өткен маусым Дамьян босниялық «Радник» Биелина футбол сапында ойнады (16 кездесу, 1 гол және 2 нәтижелі пас). Сонымен қатар Дамьян Сербия U19 жастар құрамасында 8 кездесу өткізді. Мансабында 273 кездесу өткізіп, 43 гол соқты.
Жанұямызға қош келдің, Дамьян!
#SpiritoftheNorth