25.12.2025
Алихан Серікбай - «Қызылжар» футбол клубының жаңа ойыншысы.
«Қызылжар» футбол клубы қорғаушы Алихан Серікбаймен екі жылдық келісімшартқа қол қойды.
Алихан Серікбай
Алихан - «Жас Қыран» футбол клубының түлегі. Алихан алаңда орталық қорғаушы және оң қапталдағы қорғаушы ретінде ойнайды. Соңғы екі маусымда Алихан «Оқжетпес» және «Каспий» футбол клубының сапында Бірінші лига жеңімпазы атанды. Алихан 19 жасында Бірінші лигада 54 кездесу өткізіп, 4 гол соқты.
Алихан Серікбай Қазақстан U21 жастар құрамасының сапында 4 ойын өткізді.