12.09.2026
Жігіттеріміз үшін «Podgorica Trophy 2026» халықаралық турнирінің алғашқы күні аяқталды!
D тобында өнер көрсетіп жатқан командамыз кеше алғашқы екі кездесуін өткізді:
⚽️ Бірінші ойында «Ақ Барс» командасымен кездестік. Жігіттеріміз көптеген қауіпті шабуылдар ұйымдастырып, гол соғатын айқын мүмкіндіктер жасағанымен, сәттілік жетіспей, ойын 0:0 есебімен тең аяқталды.
⚽️ Екінші матчта жергілікті черногориялық «Дадекс» ұжымына қарсы ойнап, 0:2 есебімен есе жібердік.
Ертең бізді топтан шығу мәселесі шешілетін маңызды ойын күтіп тұр. Дегенмен, бұл жарыстың ең басты мақсаты — жігіттеріміздің халықаралық аренада бақ сынап, баға жетпес тәжірибе жинауы. Мұндай турнирлер олардың болашақта мықты ойыншы болып қалыптасуына үлкен септігін тигізеді!