03.09.2026
«Жеңіс» жастарынан басым түстік: Екінші лигадағы сенімді жеңіс
2 қыркүйек күні Екінші лиганың «Солтүстік-Шығыс» дивизионы аясында 21-тур кездесуі өтті. Біздің жігіттер елордалық «Жеңістің» жастар құрамасымен ойнап, сенімді жеңіске жетті.
Матчтың басында-ақ командамыз есеп ашты. Сәкен Ибадулла бұрыштамадан доп асырып, Мирас Елеукін баспен соққы жасап, қақпаны дәл көздеді.
Екінші таймда, 67-минутта Темірлан Жиеналиев бос қақпа алдында тұрған Глеб Логиновскийге пас шығарып беріп, Глеб есепті еселей түсті. Ал ойынның нүктесін Темірлан Жиеналиевтің өзі қойды – ол айып соққысынан тамаша гол соғып, матчтың қорытынды есебін орнатты.