24.12.2025

Тимур Құрбанов - «Қызылжар» футбол клубының жаңа ойыншысы!

Тимур Құрбанов - «Қызылжар» футбол клубының жаңа ойыншысы!

«Қызылжар» футбол клубы қорғаушы Тимур Құрбановпен үш жылдық келісімшартқа қол қойды. Тимур - «Жас Қыран» футбол клубының түлегі.
Алаңда сол қапталдағы қорғаушы және жартылай қорғаушы ретінде ойнайды. Тимур Қазақстан U17 құрамасында 8 ойын, ал Қазақстан U19 құрамасында 5 ойын өткізді. Осы жылы Қазақстан U21 жастар құрамасында дебют жасады. Өткен жылы «Каспий» футбол клубының сапында Бірінші лиганың жеңімпазы атанды. 2025-ші жылы Бірінші лигада «Каспий» футбол клубының сапында 22 кездесу өткізіп, 7 нәтижелі пас берді. Тимур 2023 жылы QJ League турнирінде күміс жүлдегер атанды. «Жас Қыран-2006» командасының сапында 21 кездесу өткізіп, 1 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар турнирдің үздіктері болып, QJ League All Stars құрамасына шақырту алды.

Поделиться: