15.12.2025
Тимур Мульдинов бізбен бірге.
«Қызылжар» футбол клубы шабуылшы Тимур Мульдиновпен жаңа келісімшартқа қол қойды.
Келісімшарт «1+1» жүйесімен жасалды — бір жылдық келісім және тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
Тимур — Петропавл футбол мектебінің түлегі және «Қызылжар» тарихындағы ресми матчтар саны бойынша екінші ойыншы.
Тимурды келісімшартты ұзартумен құттықтап, оған клуб сапындағы келесі маусымда сәттілік тілейміз!
#SpiritoftheNorth