26.07.2026
Талдықорған қаласында командамыз жеңіске жетті!
Қазақстан премьер-лигасының 19-туры аясында командамыз Талдықорғанда «Жетісу» командасына қарсы ойнады. Бірінші тайм 0:0 есебімен аяқталды. Екінші таймның басында бас бапкеріміз бірден үш футболшыны ауыстырды: Юрий Перцухтың орнына Стефан Баокен, Евгений Макаренконың орнына Йоаннес Бьорталид және Тимур Мульдиновтың орнына Артём Черединов шықты. Ойынның 56-шы минутында Александр Нойок керемет соққымен есепті ашты. Қарсылас команда Нұрбол Әнуарбековтың көмегімен есепті теңестірді. Ал ойынның соңғы минуттарында Йоаннес керемет паспен Стефан Баокенді тапты, ал Стефан мүлт кетпеді. Командамыз үшін маңызды жеңіс. Келесі ойынды «Қарасай» стадионында 1 тамыз күні «Ақтөбе» футбол командасына қарсы өткіземіз.