🤝 Тайыншадан келген қонақтар: өңірдегі футболды бірге дамытамыз!
Кеше «Қарасай» стадионына Тайынша қаласының жас футболшылары қонаққа келді. Балалар үшін ерекше күн ұйымдастырылды: «Қызылжар» футбол орталығының бапкерлері мен негізгі құрам ойыншылары оларға толыққанды жаттығу өткізді. Сонымен қатар, жас спортшыларға жаңа футбол доптары табысталды.
Біздің клуб балалар мен жасөспірімдер футболын тек Петропавлда ғана емес, бүкіл Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дамытуды мақсат етеді. Қазірдің өзінде Тайыншадан шыққан бірнеше жас өрен Қазақстан Республикасының жасөспірімдер чемпионатында «Қызылжар» футбол орталығының намысын абыроймен қорғап жүргенін мақтан тұтамыз.
Сапалы футболды одан әрі қолжетімді ету мақсатында кездесу барысында Тайынша қаласында орталығымыздың ресми филиалын ашу мәселесі талқыланды. Бұл жергілікті балаларға кәсіби әдістемелер бойынша жаттығып, үлкен футболға қадам басуға тамаша мүмкіндік береді.