06.07.2026
Сергей Пак — «Қызылжар» футбол орталығының жаңа бапкер-координаторы!
Клубымыздың құрылымындағы маңызды тағайындауды қуана хабарлаймыз. Тәжірибелі маман Пак Сергей Александрович «Қызылжар» футбол орталығына бапкер-координатор ретінде қосылды!
Сергей Александрович — UEFA PRO бапкерлік лицензиясының иегері. Оның артында үлкен тәжірибе бар: бұған дейін ол «Тараз-Жастар» командасының бас бапкері, сондай-ақ «Тараз» және «Ұлытау» клубтарында ассистент болып сәтті жұмыс істеді.
Оның келуі — біздің орталықтың дамуы үшін үлкен қадам. Сергей Александрович «Қызылжар» футбол орталығындағы барлық жаттығу процестерін толық қадағалап, жас футболшылар мен бапкерлер құрамына өзінің бай тәжірибесімен бөлісетін болады.