29.06.2026
РАХМЕТ, МИЛИЧ ЧУРЧИЧ! 🤝
«Қызылжар» футбол клубы мен бас бапкер Милич Чурчич өзара келісім бойынша ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім қабылдады.
Сонымен қатар, бас бапкердің көмекшісі Иван Йевич пен дене даярлығы бойынша бапкер Кресик Евгений Сергеевич те клубтан кетеді.
Клуб басшылығы атынан бапкерлер штабына атқарған еңбегі үшін алғыс айта отырып, алдағы мансаптарына тек сәттілік тілейміз!
Келесі матчқа команданы жергілікті маман Стоякин Николай Александрович дайындайтын болады.