«Қызылжардың» он ойыншысы құрамалар сапында
Анель Бланк пен Әсел Ануарбек Қазақстан әйелдер құрамасының сапында 7–20 сәуір аралығында Шымкент пен Грузияда оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. 18 сәуір күні 2027 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Беларусь құрамасына қарсы ойнайды.
Никита Губарев, Глеб Валгушев, Алихан Серікбай және Санжар Ерниязов Қазақстан жастар құрамасының (U21) сапында Еуро-2027 іріктеу турнирі аясында Түркістанда екі матч өткізеді.
Әсел Жолболат, Шахноза Холбаева, Нұрсая Сұлтан және Жансезім Айсапар Қазақстан әйелдер құрамасының (WU19) сапында Мальтадағы оқу-жаттығу жиынына шақырту алды.
«Қызылжар» футбол командасының ойыншысы Йоханнес Бьорталид Фарер аралдары құрамасына шақырту алғанымен, шағын жарақатына байланысты клуб сапында қалды.