23.07.2026

«Қызылжар» жастары Павлодарда жеңіске жетіп, үздік үштікке көтерілді!

«Қызылжар» жастары Павлодарда жеңіске жетіп, үздік үштікке көтерілді!

22 шілде күні біздің жігіттер Екінші лиганың «Солтүстік-Шығыс» конференциясы аясындағы 15-тур матчын Павлодар қаласында жергілікті «Аңсат» командасына қарсы өткізді.
Ойын өте тартысты әрі голдарға бай болды. 14-минутта алаң қожайындары есеп ашқанымен, қызылжарлықтар тез ес жиды. Небәрі 3 минуттан соң Жантөре Молдаев пенальтиді сәтті орындап, таразы басын теңестірді. Ал 35-минутта Глеб Логиновский мергендік танытып, командамызды алға шығарды.
Екінші тайм да біздің команданың басымдығымен басталды. 50-минутта төреші қарсыластар қақпасына тағы бір он бір метрлік айып соққысын белгілеп, Жантөре Молдаев бұл мүмкіндікті де мүлт жібермей, дубль авторы атанды. 70-минутта «Аңсат» футболшылары бір доп соғып, есеп айырмасын қысқартқанымен, қалған уақытта қорғаныста сауатты ойнаған жігіттер жеңісті қолдан берген жоқ. Қорытынды есеп — 3:2!
Осы маңызды әрі ерік-жігерге толы жеңістің арқасында біздің жастар командасы турнирлік кестеде үшінші орынға көтерілді.

Поделиться: