11.06.2026
«Қызылжар» жастар командасы «Ұлытауды» 7:0 есебімен ұтты Кеше Екінші лиганың «Солтүстік-Шығыс» конференциясы аясында 9-шы тур ойындары өтті. «Қызылжар» жастар командасы өз алаңында «Ұлытау» жастар командасын қабылдады.
Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ біздің жігіттер басымдықты өз қолдарына алып, ойын соңына дейін тізгінді босатқан жоқ. Нәтижесінде «Қызылжар» жастар командасы қарсылас қақпасына жауапсыз 7 гол тоғытып, 7:0 есебімен ірі әрі сенімді жеңіске жетті. Ойында Глеб Логиновский мен Тимур Курбанов екі голдан соғып дубль авторы атанса, Сулейман Жетпісбай, Александр Лебедев және Сәкен Ибадулла бір-бір голдан өз қанжығаларына байлады.
Осы жарқын жеңістен кейін, бірінші айналымның қорытындысы бойынша біздің жігіттер турнирлік кестенің төртінші сатысында тұрақтап қалды.
Келесі матчты командамыз 17 маусым күні Жезқазған қаласында тағы да «Ұлытау» ұжымына қарсы сырт алаңда өткізеді.