02.04.2026

«Қызылжар U21» жаңа маусымды жеңіспен бастады

«Қызылжар U21» жаңа маусымды жеңіспен бастады

Бүгін біздің жастар командасы Екінші лиганың «Солтүстік-Шығыс» конференциясында жаңа маусымдағы алғашқы ойынын өткізіп, жеңіске жетті.

Айта кетейік, биылғы маусымда біздің конференцияда 10 команда бақ сынайды. Әр ұжым бір-бірімен үш айналымда ойнайды, яғни әр команда жалпы саны 27 кездесу өткізетін болады.

Бүгін біздің жігіттер Өскемен қаласында жергілікті жастар командасымен қонақта кездесті. Тартысты өткен матчтың соңына таман Аверченко Евгений Николаевичтің шәкірттері алға шығып, жеңіс голын соқты. Командаға жеңіс сыйлаған голдың авторы – Сәкен Ибадулла. Осылайша, жігіттеріміз жаңа маусымды сәтті бастады.

Келесі ойын туралы ақпарат:
Командамыз келесі кездесуін өз алаңында өткізеді.

Күні: 15 сәуір

Уақыты: 15:00

Өтетін орны: «Қарасай» стадионы

Қарсылас: «Оқжетпес U21»

Жігіттерімізді жеңісімен құттықтаймыз және келесі ойында да сәттілік тілейміз. Барлық жанкүйерлерді стадионға келіп, командамызға қолдау көрсетуге шақырамыз.

Поделиться: