31.07.2026
«Қызылжар» U-18 «Freedom QJ League» турнирінде маңызды жеңіске жетті!
30 шілде күні «Freedom QJ League B» лигасының 11-туры аясында біздің 18 жасқа дейінгі жастар командасы «Оңтүстік» командасына қарсы маңызды ойын өткізіп, жеңіске жетті.
Кездесу тағдырын ойынның бастапқы кезеңінде соқылған жалғыз гол шешті. Ойынның 6-минутында Абылайхан Кенжадоев қуатты әрі дәл соққы жасап, қақпашыға ешқандай мүмкіндік қалдырмады!
Ойын барысында есепті өзгертетін сәттер болғанымен, Абылайхан соққан гол матчтағы алғашқы әрі соңғы гол болып тіркелді. Осылайша, біздің команда нағыз мінез көрсетіп, турнир кестесіндегі еншісіне маңызды 3 ұпайды қосты!