23.07.2026

«Қызылжар U-18» елордада «Жеңіске» есе жіберді

«Қызылжар U-18» елордада «Жеңіске» есе жіберді

QJ League B дивизионының 10-туры аясында біздің жасөспірімдер командасы елордада «Жеңіс» клубымен кездесті. Матч бас қаладағы бас стадион — «Астана Аренада» өтті.
Тартысты өткен ойында алаң қожайындары басымдық танытып, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Есептің ірі болғанына қарамастан, біздің жігіттер ойын соңына дейін күресіп, жасыл алаңда нағыз мінез көрсете білді. Бұл кездесуде «Қызылжар» сапынан Абылайхан Кенжадоев пен Сүлеймен Жетпісбай мергендігімен көзге түсіп, қарсылас қақпасын дәл көздеді.
Бұл ойын жас футболшыларымыз үшін үлкен тәжірибе болмақ. Жігіттеріміз алдағы турларда қателіктермен жұмыс істеп, жанкүйерлерді тек жеңісті күндерімен қуантады деп сенеміз.

Поделиться: