31.08.2026

«Қызылжар» Шымкентте есе жіберді

«Қызылжар» Шымкентте есе жіберді

Премьер-Лига 2026. 24-тур
Ойынның алғашқы минуттарында біздің жігіттер басымдықты қолға алып, гол соғатын жақсы мүмкіндіктер жасады. Алайда, бұл жолы сәттілік серік болмады. Ал қарсыластың алғашқы қауіпті шабуылын Лео Натель голға айналдырды.
Екінші таймда алаң иелері тағы екі рет мергендік танытып, кездесу 3:0 есебімен аяқталды.
Еңсе түсірмейміз! Келесі ойынды 5 қыркүйек күні өз алаңымызда «Атырау» командасына қарсы өткіземіз. Бізге сіздердің қолдауларыңыз қажет!

Поделиться: