28.05.2026

«Қызылжар» қыздар командасы елордада жеңіске жақын болды:«Жеңіспен» тартысты тепе-теңдік!

«Қызылжар» қыздар командасы елордада жеңіске жақын болды:«Жеңіспен» тартысты тепе-теңдік!

Петропавлдық «Қызылжар» қыздар командасы сырт алаңда чемпионат көшбасшыларының бірі — елордалық «Жеңіспен» кездесті. Ойын тартысты әрі драмалық оқиғаларға толы өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.

Ойын біздің команда үшін өте сәтті басталды. Петропавлдық ойыншылар бірінші минуттардан бастап қарсыластар қақпасына қысым көрсетіп, ойын тізгінін өз қолдарына алды.

Кездесудің 6-минутында Аяжан Абдина қарсыластар қорғанысын бұзып өтіп, есепті ашса, араға 12 минут салып, Жансезім Айсапар пенальтиден дәл көздеп, есепті 2:0-ге жеткізді.

Алайда, алаң иелері екінші таймда есе қайтаруға тырысты. 64-минутта Мадина Жанатаева бір голдың қарымтасын қайырса, кездесудің тағдыры қосымша уақытта шешілді. 93-минутта елордалық ойыншы Аделия Беккожина таразы басын теңестіріп үлгерді.

Поделиться: