10.04.2026

«Қызылжар» Қазақстан Кубогының 1/8 финалына жолдама алды

«Қызылжар» Қазақстан Кубогының 1/8 финалына жолдама алды

Қазақстан Кубогының 1/16 финалы аясында «Қызылжар» сырт алаңда алматылық «Хан-Тәңірі» командасын 1:0 есебімен ұтты. Ойынның 45-минутында бұрыштамадан кейін Этьен Бугре жалғыз әрі жеңіс голын соқты.

Кубоктың келесі 1/8 финалдық кезеңінде команда павлодарлық «Ертіспен» кездеседі. Ойын 29 немесе 30 сәуір күндерінің бірінде қонақта өтеді. Матчтың нақты күні мен уақыты қосымша хабарланады.

Поделиться: