10.08.2026
«Қызылжар» Өскеменде «Алтаймен» тең түсті
Қазақстан Премьер-лигасының 21-туры аясында біздің команда Өскеменде «Алтайға» қарсы матч өткізді. 8 тамыз күні сағат 17:00-де «Восток» стадионында басталған кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ ойынның өте тартысты әрі ауыр болатыны байқалды.
Бірінші таймның соңына таман Йоаннес Бьорталидтің таңғажайып голының арқасында командамыз алға шықты — ол айып соққысынан допты дәл «тоғыздыққа» бағыттады. Алайда, екінші таймда алаң иелері есепті жылдам теңестіріп қана қоймай, кейін 2:1 есебімен басымдыққа ие болды. Тек матчтың соңғы минутында Соколенконың тамаша пасынан кейін Этьен Бугре есепті теңестіріп кетті.
Келесі матч: 16 тамыз күні сағат 19:00-де «Қарасай» стадионында «Астана» командасына қарсы өтеді.