24.06.2026

«Қызылжар» әйелдер командасы «Шахтерді» 11:0 есебімен тас-талқан етті!

«Қызылжар» әйелдер командасы «Шахтерді» 11:0 есебімен тас-талқан етті!

Бірінші айналымның соңғы ойынында «Қызылжар» футбол клубының әйелдер командасы өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» қабылдап, 11:0 есебімен тамаша жеңіске жетті.
Біздің қыздар кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ ойын тізгінін өз қолдарына алып, алаңда толық үстемдік орнатты. Ойын барысында нағыз голдар жаңбыры жауды! Командамыздың сапынан Сабрина Нұржігітова, Аяжан Абдина және Әсел Жолболат хет-трик авторы атанса, Варвара Ковалева өз еншісіне дубль жазды.
8 турдың қорытындысы бойынша «Қызылжар» турнир кестесінде төртінші орынға жайғасты және плей-офф кезеңіне жолдама алу үшін күресті сенімді түрде жалғастыруда.
Келесі ойынды қыздарымыз 7 шілде күні Қарағандыда дәл осы «Шахтер» командасына қарсы өткізеді.

Поделиться: