15.07.2026
«Қызылжар» әйелдер командасы қазіргі чемпиондарға есе жіберді, бірақ плей-офф жолдамасы үшін күресті жалғастыруда
Қазақстан чемпионатының кезекті туры аясында «Қызылжар» әйелдер командасы сырт алаңда елдің қазіргі чемпиондары — «Ақтөбе» ұжымымен кездесті.
Матч 4:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Қорытынды нәтижеге қарамастан, біздің қыздар алаңда нағыз мінез көрсетіп, мықты қарсыласқа соңғы минутқа дейін лайықты қарсылық танытты. Командамыздың сапынан жалғыз голды шабуыл өтінде белсенділік танытқан Әсел Жолболат өз еншісіне жазды.
Бұл жеңіліске қарамастан, «Қызылжар» плей-офф кезеңіне шығу жолындағы күресті тоқтатпайды.