08.07.2026

«Қызылжар» әйелдер командасы екінші айналымды Қарағандыдағы ірі жеңіспен бастады!

«Қызылжар» әйелдер командасы екінші айналымды Қарағандыдағы ірі жеңіспен бастады!

«Қызылжар» әйелдер командасы ел чемпионатын сәтті жалғастырып, сырт алаңда қарағандылық «Шахтерді» ойсырата ұтты.
Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ біздің қыздар басымдықты қолға алып, белсенді әрі шабуылға толы ойын көрсетті. Петропавл ұжымының айқын басымдығы бірінші таймның өзінде-ақ жауапсыз соғылған төрт голға ұласты. Голдар шеруін жылдам дубль жасаған Аяжан Әбдина бастады. Көп ұзамай Сабрина Нұржігітова есепті 0:3-ке жеткізсе, бірінші таймның шымылдығы жабылар тұста Әсел Құртанова «кеншілер» қақпасына төртінші допты енгізді.
Үзілістен кейін де футболшыларымыз босаңсыған жоқ, қайта алға қарай белсенді ұмтылуды жалғастырды. Осындай қысымның нәтижесінде Айсәуле Төлеева негізгі команда сапындағы алғашқы голын соқты. Одан кейін алаңда тоқтату мүмкін болмаған Аяжан Әбдина бұл кездесудегі үшінші добын салып, хет-трик авторы атанды. Ал матчтың нүктесін Варвара Ковалева қойды — 0:7!

Матчтың басты жаңалығы: Бұл ойында «Қызылжар» әйелдер командасының және клубтың футбол орталығының 15 жасар тәрбиеленушісі Елизавета Зинкевич үлкен футболдағы тұсаукесер кездесуін өткізді. Лизаны негізгі команда сапындағы дебютімен құттықтап, алдағы уақытта үлкен табыстар тілейміз!

Поделиться: