12.10.2026
«Қызылжар-2012» Қытайға жол тартпақ 🇨🇳🔥
Бүгін біздің жас қырандар халықаралық тәжірибе жинау мақсатында Қытайдың Сиань (Xi’an) қаласына аттанады.
12-21 қазан аралығында футбол орталығымыздың тәрбиеленушілері «Xi’an Cup 2026» халықаралық турнирінде бақ сынайтын болады.
Айта кетейік, бұл біздің балалар үшін осымен үшінші ірі шетелдік сапар. Бұған дейін жас ойыншыларымыз Еуропадағы «Bansko Evima Cup» және «Podgorica Cup» турнирлеріне қатысып, үлкен тәжірибе жинап қайтқан болатын.
Жігіттерімізге ақ жол тілейміз 🙏🏻🖤