31.08.2026

«Қызылжар 2010» Болгариядағы халықаралық турнирді 8-орынмен аяқтады

«Қызылжар 2010» Болгариядағы халықаралық турнирді 8-орынмен аяқтады

Болгарияда өткен «EVIMA CUP BANSKO» халықаралық турнирінде «Қызылжар 2010» жасөспірімдер командасы 8-орынға табан тіреді. Жарысқа барлығы 18 шетелдік команда қатысты.
Біздің жігіттер топтық кезеңнен 3 ұпай жинап, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Топтық кезеңнің алғашқы ойындарында Болгарияның «Секирово» командасын 4:2 есебімен сенімді ұтса, екінші матчта Еуропадағы мықты академиялардың бірі – «CSKA White» ұжымына есе жіберді.
Ширек финалдағы «Марика Марково» командасына қарсы ойын нағыз тартысқа толы болды. Бірінші таймда 3:0 есебімен ұтылып жатқанына қарамастан, үзілістен кейін футболшыларымыз нағыз мінез көрсетіп, екі гол соқты. Өкінішке қарай, таразы басын теңестіретін үшінші голды соғуға уақыт жетпеді. Одан кейінгі 5-8 орындар үшін өткен ойындарда еуропалық қарсыластарға жол беріп, турнирді 8-орында аяқтады.
Ең бастысы – бұл жарыста турнирлік кестедегі орын емес, халықаралық деңгейде жинаған баға жетпес тәжірибе. Бұл «Қызылжар» футбол орталығы тарихындағы алғашқы шетелдік іссапар екенін атап өткен жөн.
Жігіттер, біз сендермен мақтанамыз! Үлкен жеңістер әлі алда!

Поделиться: