30.03.2026

«Qyzyljar Community» жобасын дамыту және әлеуметтік жауапкершілікті іске асыру аясында «QYZYLJAR» футбол клубы ментальды ерекшеліктері бар футболшыларға арналған «Uni Football League» лигасымен серіктестік басталғанын хабарлайды.

«Qyzyljar Community» жобасын дамыту және әлеуметтік жауапкершілікті іске асыру аясында «QYZYLJAR» футбол клубы ментальды ерекшеліктері бар футболшыларға арналған «Uni Football League» лигасымен серіктестік басталғанын хабарлайды.

Бүгін «Қарасай» стадионында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар бұл серіктестік өңірдегі инклюзивті спортты қолдаудағы маңызды қадам болатынына сенімді. «QYZYLJAR» ФК үшін кәсіби спортта биіктерді бағындыру, клубтың атын таныту және спорттық қағидаттарды ұстану ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жобаларды іске асыру және көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету үшін өз тәжірибесі мен ресурстарын жұмсау өте маңызды.

Сонымен қатар, бүгін «Қарасай» стадионында іс-шара өтті: «Uni Football League» командасының 8 жас спортшысы «QYZYLJAR» ФК негізгі құрамының ойыншыларымен бірлескен жаттығуға қатысты. Жасөспірімдер үшін кәсіби мамандармен бірге алаңға шығу қуанышты оқиға және үлкен мотивация, сондай-ақ үлкен футбол отбасының бір бөлігі екенін сезінуге мүмкіндік болды. Жаттығу соңында футболшылар балаларға клуб атынан естелік сыйлықтар табыс етті.

«Клубтың бұл жобаны қолдауы – бұқаралық спортты дәріптеу, жастар мен балалар командаларының командалық рухын нығайту бойынша жұмысымыздың бір бөлігі. Жас спортшылар клубтың озық тәжірибелеріне қол жеткізеді, сүйікті футболшыларымен тілдесіп, армандарына бір табан жақындай түседі. Серіктестік туралы келісім ұзақ мерзімді перспективада өз жемісін беріп, балалар мен ата-аналарға айтарлықтай пайда әкелетініне сенімдімін. Сондай-ақ, біз жастар бойында спорттық қағидаттар мен құндылықтарды қалыптастырудың маңызды рөлін көріп отырмыз», – деп атап өтті кәсіпкер Сергей Кан.

Бұл меценат қолдап отырған жалғыз әлеуметтік жоба емес. Көптеген жылдар бойы Сергей Кан Солтүстік Қазақстан облысының ірі «IQanat» білім беру жобасындағы қамқоршысы болып табылады. Осы жоба аясында ауыл мектептерінде орта білім алып жүрген ондаған мың оқушы әлемдік озық тәжірибелерді қолданатын Қазақстанның маңдайалды оқу орындарының бірінде оқу гранттарының иегері атану мүмкіндігіне ие.

Поделиться: