06.05.2026

МАУСЫМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІС

МАУСЫМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІС

Қазақстан чемпионатының екінші туры аясында «Қызылжар» әйелдер командасы өз алаңында павлодарлық «Ертісті» қабылдап, жаңа маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Ойынның алғашқы минуттарынан бастап біздің команда басымдықты өз қолына алды. Бірінші таймның ортасында Әсел Куртанованың айып алаңына асырған пасын сәтті пайдаланған Сабрина Нұржігітова допқа бірінші болып жетіп, матчтағы есепті ашты. Одан кейін қос команда тарапынан да қауіпті шабуылдар ұйымдастырылғанымен, есеп өзгеріссіз қалды.

Осылайша, екі турдың қорытындысы бойынша біздің команда төрт ұпай жинап, турнирлік кестеде төртінші орынға жайғасты.

Келесі ойынды әйелдер командасы сырт алаңда өткізеді. 12 мамыр күні футболшыларымыз Көкшетау қаласында жергілікті «Оқжетпеспен» кездеседі.

Поделиться: