10.06.2026
Маусымдағы алғашқы жеңіліс.
Қазақстан Әйелдер лигасының 7-туры аясында біздің команда Семей қаласында «Елімай» командасына қарсы ойнап, биылғы маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Ойын барысында қыздарымыз бірнеше тамаша мүмкіндіктерге ие болғанымен, өкінішке қарай, оларды жүзеге асыра алмай, қақпаға гол соға алмады. Ал қарсыласымыз біздің жіберген қателігімізді тиімді пайдаланып, кездесуде жеңіске жетті.
Дегенмен, еңсе түсіруге ерте! Плей-офф кезеңіне шығу үшін тартысты күрес әлі де жалғасуда.
Келесі кездесу өз алаңымызда өтеді! 16 маусым күні сағат 18:00-де «Қарасай» стадионында қазіргі чемпион – «Ақтөбе» командасын қабылдаймыз.