29.05.2026

Көптен күткен жеңіс!

Көптен күткен жеңіс!

Қазақстан премьер-лигасының ХІІ туры аясында «Қарасай» стадионында жігіттеріміз Талдықорғандық «Жетісу» командасына қарсы ойын өткізді.

Бірінші минуттан жігіттеріміз ойын бақылауын өз қолдарына алды. Толассыз шабуылдардың бірінде Этьен Бугре Артем Черединовтың пасынан кейін ойын есебін ашты. Үзілістен кейін Дамьян Краишник керемет соққымен есепті еселеді, бірақ ойынның 87 және 88 минуттарында қарсыласымыз Нұрбол Ануарбеков және Йован Пайовичтің көмегімен есепті теңестіріп кетті. 92 минутта Стефан Баокен допқа соңына дейін күресіп, нәтижелі паспен Этьен Бугрені тапты. Этьен маусымда алтыншы голын соғып, командағы жеңіс сыйлады.

Поделиться: