Халықаралық аренадағы кезекті турнир!
Кузьмин Евгений Владимирович жаттықтыратын «Қызылжар 2013» жасөспірімдер командасы Черногорияда өтетін «Podgorica Trophy 2026» халықаралық турниріне қатысады.
Жарыс 10-13 қыркүйек күндері Подгорица қаласында өтеді.
Бұл турнирде Еуропаның таңдаулы академиялары, соның ішінде «ЦСКА» София, «Црвена Звезда», «Партизан», «Динамо Загреб» сияқты танымал клубтар бақ сынайды. Біздің футболшылар үшін мұндай мықты командалармен күш сынасу – үлкен мәртебе, баға жетпес тәжірибе жинау және еліміздің намысын халықаралық деңгейде қорғау мүмкіндігі!
Айта кетейік, бұл «Қызылжар» футбол орталығы тәрбиеленушілерінің биылғы екінші шетелдік сапары. Осыдан бір апта бұрын ғана «Қызылжар 2016» командасы «Evima Cup» турнирінен оралып, жарыста 8-орынды иеленген болатын. Жас ойыншылардың кәсіби тұрғыда өсіп-дамуы үшін мұндай еуропалық турнирлерге бару өте маңызды.
Жігіттерге сәттілік пен жарқын ойындар тілейміз 🤝🖤