04.07.2026

Виталий Жуковский — «Қызылжар» ФК жаңа бас бапкері!

Виталий Жуковский — «Қызылжар» ФК жаңа бас бапкері!

Виталий Леонидович өз мансабында «БАТЭ» футбол клубымен Беларусь Кубогын жеңіп, чемпионаттың күміс жүлдегері атанған. Оған қоса, «Ислочь» командасын Жоғары лигаға шығарып, ел тарихындағы ең жас бас бапкер атанғаны да белгілі. Ал біздің жанкүйерлер оны «Атыраумен» бірге Қазақстан Кубогының финалына дейін жеткен тамаша маусымы арқылы жақсы таниды.

🤝 Жаңа штабтың құрамы 
Бас бапкермен бірге командамызға жаңа мамандар қосылды: енді ойын жүйесін құруға бапкердің көмекшісі Павел Плют, дене даярлығына жауапты Андрей Мисюк және бапкер-аналитик Біржан Хабит көмектесетін болады.

Жаңа бапкерлер штабына сәттілік пен үлкен жеңістер тілейміз 👊🏻

Поделиться: