22.08.2026

Семейдегі қиын кездесу: «Қызылжар» жастары «Елімайға» жол берді

Семейдегі қиын кездесу: «Қызылжар» жастары «Елімайға» жол берді

21 тамыз, жұма күні сағат 11:00-де біздің жасөспірімдер командасы Freedom QJ League B турнирінің 14-туры аясында Семей қаласында жергілікті «Елімай» ұжымымен кездесті. Жігіттеріміз үшін бұл өте қиын ойын болды, өйткені бірінші таймда алаң қожайындары толықтай басымдық танытып, қақпамызға үш гол соқты және үзіліске үлкен айырмашылықпен шықты. Екінші таймның басында семейліктер тағы бір доп соғып, есепті одан әрі ұлғайтты. Дегенмен, «Қызылжар» ойыншылары мұндай қиын жағдайда берілмей, алаңда нағыз мінез көрсете білді. Ойынның соңына қарай командамыз сапынан Дияр Бағыт пен Егор Лавренко мергендік танытып, екі гол соқты және есеп айырмасын қысқартты. Алайда, таразы басын теңестіруге уақыт жетпеді, осылайша қорытынды есеп 4:2 болып тіркелді. Келесі ойынды біздің жігіттер өз алаңында өткізеді, «Қызылжар» Петропавлдағы «Жастар» стадионында «Жетісу» командасын қабылдайды.

Поделиться: