28.05.2026

«Қызылжар» жастар командасы «Жеңіспен» өткен ойында жеңіске жетті

«Қызылжар» жастар командасы «Жеңіспен» өткен ойында жеңіске жетті

Екінші лига аясында өткен тартысты кездесуде «Қызылжар» жастар командасы сырт алаңда «Жеңіспен» кездесіп, 2:3 есебімен маңызды жеңіске қол жеткізді.

Ойын өте серпінді басталды. Кездесудің 6-минутында Александр Лебедев Жанторе Молдабаевтың нәтижелі пасынан кейін есепті ашып, командамызды алға шығарды. 20-минутта Глеб Логиновский Жанторе Молдабаевтан алған паспен есепті 0:2-ге жеткізіп, басымдықты арттырды.

«Жеңіс» ойыншылары өз алаңдарында берілгісі келмей, 40-минутта Асланбек Мараттың голынан кейін есеп айырмасын қысқартты. Ойынның екінші бөлімі де тартысты өтті. 57-минутта Елжан Молдахмет Глеб Логиновскийдің нәтижелі пасынан кейін гол соғып, командамыздың басымдығын 1:3-ке дейін ұлғайтты. Ал 67-минутта «Жеңіс» сапындағы Даулет Худайбергенов есеп айырмасын қысқартып, матчтағы екінші голдарын соқты.

Алайда, матчтың қалған уақытында «Қызылжар» жастары қорғаныста сенімді ойын көрсетіп, 2:3 есебімен маңызды жеңісті сақтап қалды.

Поделиться: