13.08.2026

«Қызылжар U21» өз алаңында «Алтайды» сенімді түрде жеңді

«Қызылжар U21» өз алаңында «Алтайды» сенімді түрде жеңді

Қазақстан чемпионатының Екінші лигасы, Солтүстік-Шығыс конференциясының 18-туры аясында «Қызылжар U21» командасы өз алаңында «Алтай» клубының жастарын қабылдап, сенімді жеңіске жетті.
Алғашқы минуттардан-ақ біздің команда тек үш ұпай алуды көздеп, ойын тізгінін бірден өз қолына алды. Нәтижесінде, ойынның 9-минутында Жантөре Молдабаевтың айып алаңына асырған пасын Мирас Темірбаев сәтті пайдаланып, матчтағы есепті ашты. Бірінші таймда жігіттеріміз ойын тағдырын алғашқы қырық бес минутта-ақ шешіп тастай алатын еді, алайда гол соғатын көптеген мүмкіндіктер жүзеге аспай қалды.
Ойынның нүктесі екінші таймда қойылды. 81-минутта Жантөре Молдабаевтың өзі мергендік танытып, қорытынды есепті орнатты — 2:0. Жігіттерімізді тамаша жеңіспен құттықтаймыз!

Поделиться: