17.07.2026

«Қызылжар U18» Өскеменде «Алтайды» айқын басымдықпен жеңді

«Қызылжар U18» Өскеменде «Алтайды» айқын басымдықпен жеңді

QJ League турнирінің 9-туры аясында петропавлдық «Қызылжар U18» жасөспірімдер командасы Өскемен қаласында жергілікті «Алтай» ұжымына қарсы кездесу өткізіп, сенімді жеңіске қол жеткізді.
Ойын басынан аяғына дейін толығымен біздің футболшылардың бақылауында өтті. Жігіттеріміз шабуылда аса белсенділік танытып, матчтың әр таймында екі голдан соқты. Бұл тамаша жеңіске алаңда нағыз көшбасшылық қасиет көрсете білген Роман Комаровский мен Абзал Серіктің нәтижелі әрекеттері тікелей себепкер болды.
Командамызды және бапкерлер штабын осы маңызды жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз! Жігіттердің алаңдағы табандылығы мен жеңіске деген құштарлығы мақтауға тұрарлық.

Поделиться: