«Қызылжар U15» жасөспірімдер командасы «Дарын» турнирінде тамаша нәтиже көрсетті!
Биыл Шымкент қаласында 2012 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасындағы жыл сайынғы дәстүрлі «Дарын» республикалық турнирі мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша біздің «Қызылжар U15» командасы өте жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Біздің жігіттер турнир барысында сенімді өнер көрсетіп, бірнеше қарсыласынан айқын басым түсті. Ойындардың нәтижелері:
«Қызылжар U15» — «Ұлытау» (4:0)
«Қызылжар U15» — «Хан-Тәңірі» (3:1)
«Қызылжар U15» — «Жейран» (6:2)
«Қызылжар U15» — «Каспий» (2:0)
Командамыз тартысты өткен жарыс барысында тек «Тұран» ұжымына ғана жол берді.
Енді жас футболшыларымыз осы жинаған тәжірибелерін пайдаланып, жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатына дайындығын әрі қарай жалғастырады. Жігіттерімізге алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!