04.07.2026
«Қызылжар» тартысты ойында есе жіберді
Өз алаңымызда өткен матчта командамыз Семейдің «Елімай» клубына 0:1 есебімен жол берді.
Ойын бастан-аяқ өте тартысты өтті. Матч тағдырын шешкен жалғыз гол екінші таймда соғылды: 70-минутта қонақтардың шабуылшысы Роман Муртазаев көзге түсті.
Осыдан кейін «Қызылжар» шабуылды үдетіп, есепті теңестіруге бар күшін салды. Бапкерлер штабы ойынды жандандыру үшін алмастырулар жасады. Алайда, матч соңындағы қауіпті сәттерге және қысымға қарамастан, қарсыластың қорғанысын бұзып өту мүмкін болмады.
Стадионға келіп, команданы соңғы секундқа дейін қолдаған жанкүйерлерге алғыс айтамыз. Қателіктермен жұмыс істеп, келесі турға дайындықты бастаймыз.