«Қызылжар» мінез көрсетіп, жеңіске жетті
Қазақстан Премьер-лигасының жаңа маусымындағы бірінші турда «Қызылжар» ФК өз алаңында «Каспий» ФК командасын қабылдап, тартысты кездесуде 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Ойынның алғашқы бөлігінде қонақтар есеп ашып, алға шықты. Алайда біздің команда матчтың соңына дейін күресіп, нағыз мінез көрсетті. Екінші таймның соңғы минуттарында «Қызылжар» ойыншылары шабуылды күшейтіп, нәтижесінде есепті теңестіре алды. Александр Соколенконың пасын Этьен Бугре ұтымды пайлдаланып, есепті теңестірді. Көп ұзамай Йоаннес Бьорталид шешуші гол соғып, клубымызға жеңіс сыйлады.
Бұл жеңіс команданың мінезін, бірлігін және соңына дейін күресе білетінін тағы бір рет дәлелдеді.
Жанкүйерлердің қолдауы да командаға үлкен күш берді.
«Қызылжар» барлық жанкүйерлеріне қолдаулары үшін алғыс білдіреді және келесі матчтарда да қуанта береміз деп сенеміз.