14.07.2026

Қазақстан жастар құрамасының — «Қызылжар» сапында

Қазақстан жастар құрамасының — «Қызылжар» сапында

Қазақстан жастар құрамасының екі бірдей талантты футболшысы командамызға ресми түрде қосылды! 

Димаш Серікұлы — Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы және Тараз футбол мектебінің түлегі. Ол оң және сол қанатта, сонымен қатар орталық шабуылшы позициясында да шебер ойнай алады. 20 жастағы ойыншы КПЛ-да 11 матч өткізіп, 1 гол мен 1 нәтижелі пас берген. Ал 2023 жылы QJ League-де 21 матчта 11 гол соғып, 3 нәтижелі паспен турнирдің ең үздік ойыншысы (MVP) атанды.

Дулат Талыспаев — Қазақстан жастар құрамасының негізгі қақпашысы және Алматы футбол мектебінің түлегі. Жас қақпашының еуропалық тәжірибесі бар: ол 2023 жылдан бастап Данияның «ХБ Кёге» клубының жүйесінде өнер көрсетіп келді.

Жастар құрамасының қос өкіліне «Қызылжар» сапында сәттілік тілейміз! Клубымызбен бірге жаңа биіктерді бағындырып, шеберліктеріңді одан әрі шыңдай түсуге тілектеспіз!

Поделиться: