29.01.2026
Пламен Галабов - «Қызылжар» футбол клубының жаңа ойыншысы.
«Қызылжар» футбол клубы орталық қорғаушы Пламен Галабовпен бір жылдық келісімшартқа қол қойды.
Пламен - Болгариялық «Литекс» командасының түлегі. Алаңда орталық қорғаушы позициясында ойнайды. Мансабында «Цска» София, «Этыр», «Маккаби» Нетания, «Бейтар», «Маккаби Петах-Тиква» және «Данди Юнайтед» командаларының намсынын қорғаған. 2020/2021 жылдары Болгария кубогының жеңімпазы.Сонымер қатар, Пламен еурокубоктық ойындарда тәжірибесі бар қорғаушы (17 ойын). Пламен Болгария құрамасының сапында 5 кездесу өткізді.
Жанұямызға қош келдің!