22.07.2026

Петропавл футболының аңыздарын еске алу турнирі мәресіне жетті!

Петропавл футболының аңыздарын еске алу турнирі мәресіне жетті!

18-20 шілде аралығында «Динамо» стадионында өңір футболының дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалар – Д.А. Полховский мен С.Я. Мясковскийді еске алуға арналған дәстүрлі турнир өтті. Бұл жыл сайынғы жарыстың біздің клуб үшін де, жалпы Солтүстік Қазақстан футболы үшін де маңызы өте зор.

Үш күнге созылған тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті. Жас спортшыларға кубоктар мен медальдарды «Қызылжар» футбол клубының бас директоры Апсалямов Алишер Ерболатұлы және спорт директоры Надирбаев Дінмұхаммед Нұрғалиұлы табыстады.

Аға буынның даңқты жолын жалғастырар жас футболшыларымызға толағай табыс тілейміз!

Поделиться: