«Hampton School» тілдер мектебі — «Қызылжар» ФК ресми серіктесі атанды.
«Қызылжар» футбол клубы қаламыздағы ең үздік әрі беделді тіл үйрету орталықтарының бірі — «Hampton School» мектебімен ресми серіктестік орнатқанын мақтанышпен хабарлайды.
Бұл ынтымақтастық аясында «Hampton School» мамандары біздің футболшыларымызды оқытуды қолға алады. Арнайы бағдарламалар негізгі құрам ойыншылары мен «Қызылжар» футбол орталығының жас таланттарына бағытталып, олардың халықаралық спорттық ортада тілдік кедергісіз еркін қарым-қатынас жасауына көмектеседі. Сондай-ақ, клубтың әкімшілік штабы мен қызметкерлері де өз білімдерін шыңдап, қазақ тілін тереңдетіп үйренуге тамаша мүмкіндік алады.
Өз кезегінде, осы серіктестік аясында «Hampton School» мектебінің оқушылары да «Қызылжар» клубының базасында футболмен кәсіби түрде айналысу мүмкіндігіне ие болмақ.
Біз «Hampton School» ұжымын үлкен футбол отбасымызда қарсы алуға қуаныштымыз және бұл жоба екі тарапқа да зор пайда әкелетініне сенеміз!