25.02.2026

Бизнесмен әрі инвестор Сергей Кан оқу-жаттығу жиындарының қорытындысына баға берді.

Бизнесмен әрі инвестор Сергей Кан оқу-жаттығу жиындарының қорытындысына баға берді.

Клуб инвесторы өткізілген оқу-жаттығу жиындарының нәтижелерімен танысып, менеджмент пен бапкерлер құрамына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Сергей Кан ойыншылардың жоғары спорттық дайындығын, олардың белсенділігін және алдағы маусымда сапалы нәтижелер көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Клуб инвесторы Ташкенттің «Локомотив» командасына қарсы өткен бақылау матчына қатысып, бас бапкер Милич Чурчичпен және негізгі құрам ойыншыларымен кездесу өткізді.
Оқу-жаттығу жиындарының қорытындысы бойынша Сергей Кан ұжым ішінде үйлесімді жұмыс байқалатынын жеткізді. Команда дайындықты жалғастыруда, жиын барысында жасалған жағдайлар сапалы әрі маусым алдындағы міндеттерге толық сәйкес келеді деп бағаланды.

«Команданың құрамы жасақталды. Оқу-жаттығу жиындары барысында біз дайындық пен күштерді үйлестіру тәсілдерін қайта қарадық. Команда Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді және біздің міндетіміз – спортшыларға тұрақты нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық қажетті жағдайды қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта Петропавл қаласында жаттығу базасын ұйымдастыру жұмыстары белсенді кезеңде жүргізілуде, сондай-ақ инфрақұрылымды жаңғырту жоспарланып отыр. Команданың әлеуеті жоғары, оны жүйелі түрде дамыту қажет», – деп атап өтті Сергей Кан.
Қазіргі негізгі мақсат — команданы маусымның басталуына кезең-кезеңімен дайындау. 8 наурыз күні команда Лигадағы алғашқы матчын «Каспий» ФК-ға қарсы өткізеді.

🦅

Бизнесмен и инвестор Сергей Кан дал оценку проведенных УТС.

Инвестор клуба ознакомился с итогами проведенных сборов, дал ряд поручений и задач менеджменту и тренерскому составу.

Сергей Кан отметил высокую спортивную подготовку игроков и вовлеченность, готовность к качественным результатам в предстоящем игровом сезоне. 

Инвестор клуба присутствовал на контрольном матче против ташкентского «Локомотива», провел встречу с главным тренером Миличем Чурчичем и игроками основной команды.

По итогам УТС Сергей Кан отметил, что внутри коллектива видна слаженная работа. Команда продолжает подготовку, условия на сборах оценены как качественные и соответствующие задачам предсезонной работы.

«Состав команды сформирован, в ходе УТС мы пересмотрели подходы в подготовке и расстановке сил. Команда играет в Казахстанской Премьер-лиге и наша задача – обеспечить все необходимые условия для спортсменов для стабильных результатов. В настоящее время в активной фазе проводится работа по организации тренировочной базы в Петропавловске и будет проведена модернизация инфраструктуры. Команда имеет хороший потенциал, его нужно планомерно развивать»,- отметил Сергей Кан.

Основной акцент сейчас — плавно подвести команду к старту сезона. Уже 8 марта команда начнет выступление в Лиге матчем против ФК «Каспий».

Поделиться: