01.08.2026
Андрей Селиверстов: «Жігіттер мінез бен үлкен құлшыныстың арқасында жеңіске жетті»
Кеше «Freedom QJ League B» лигасының 11-туры аясында «Қызылжар U-18» командасы «Оңтүстік» құрамасын 1:0 есебімен жеңген болатын. Маңызды ойыннан кейін командамыздың бас бапкері Селиверстов Андрей Алексеевич кездесуді қорытындылап, өз пікірімен бөлісті:
«Құттықтауларыңызға рақмет! Біріншіден, бұл жеңіске қандай факторлардың арқасында қол жеткіздік? Ең алдымен — мінез, жеңіске деген үлкен құлшыныс және алаңдағы жанқиярлық еңбек. Жігіттерге матч алдындағы нұсқаулықта не айтылды — соның барлығын орындап шықты.
Иә, өз қақпамыздың алдында қауіпті сәттерге жол берген кездеріміз де болды, кей тұста бағымыз да жанды. Футбол сондай ойын ғой: біреуге бақ шабады, біреу гол соғады, енді біреу соға алмайды. Біз өз мүмкіндігімізді пайдаланып, гол соқтық және қақпамызды аман сақтап қалдық.
Қорытынды нәтиже осындай. Жігіттердің құлшынысы, нағыз мінезі мен толыққанды еңбегі — осы жеңісіміздің басты сыры болды деп ойлаймын».