26.08.2026

Әйелдер командасы қатарынан алтыншы ойында жеңіске жетті!

Әйелдер командасы қатарынан алтыншы ойында жеңіске жетті!

Біздің әйелдер командасы жеңісті сериясын сәтті жалғастыруда. 25 тамыз күні Әйелдер лигасының 17-ші туры аясында қыздарымыз Павлодар қаласында сырт алаңда маңызды үш ұпайға қол жеткізді. Ойын толығымен біздің команданың бақылауында өтіп, 0:2 есебімен аяқталды. Бірінші таймда Анель Бланк бұрыштамадан тікелей соққы жасап, тамаша голмен есеп ашты. Ал екінші таймда Аяжан Абдина тағы бір гол соғып, кездесудің нүктесін қойды.

Келесі ойынды өз алаңымызда өткіземіз. 1 қыркүйек күні сағат 17:00-де біздің команда «Астана» командасын қабылдайды. Барлық жанкүйерлерді стадионға шақырамыз, командаға сіздердің қолдауларыңыз өте маңызды!

Поделиться: